Өткен тәуліктегі іздестіру құтқару жұмыстары

Өткен тәуліктегі іздестіру құтқару жұмыстары

2023 жылы 15 сәуір күні кешкі 22 сағат 43 минутта Темір ауданы, Темір қаласы, «Тама Есет-батыр» шаруашылық қожалығынан ер адам мал іздеуге шығып жоғалып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті.

Түскен ақпарат бойынша Темір қаласы 17 Өрт сөндіру бекетінен 2 қызметкер, Мұғалжар ауданының ТЖБ 3 қызметкер, 1 ТРЕКОЛ іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін шықты.

Іздестіру құтқару жұмыстары нәтижесінде сағат 03:40-та «Тама Есет-батыр» шаруа қожалығынан 15 шақырым қашықтықтан аман-есен табылды.
Шаруашылық қожалыққа жеткізілді, медициналық
көмек қажет етпеді.

Темір ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ауа-райының қолайсыздығы туралы СМС хабарламаларды ескеріп жолға шықпауды ескертеді.