Сәуір айының 13 күні аудан әкімі С.Аманбаевтың төрағалығымен "Ауыл аманаты" жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары Ж.Қойшыбаев,Н.Көшекбаева, аппарат басшысы А.Сисенов, аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов, жобаны жүзеге асыруға атсалысқан бөлім басшылары және 10 ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиын барысында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Жолдығарин аудан әкімін "Ауыл аманаты" жобасын жүзеге асырудың жай-күйінен хабардар етті.
Жалпы, аудан бойынша барлық ауылдық округтерде ауылда жеке кәсібін ашуға 2,5 пайыздық мақсатты несие алуға жобалар дайындалуда. Дегенмен, аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары әлі де жеткілікті деңгейде жүргізілмей отыр, бұл ауылдық округтер жағдайында тұрғындардың алған несиелерінің санымен расталады. Ауданда құс шаруашылығын дамытуға 14 жоба, бау-бақшаға 11 жоба, тігін цехын ашуға 6 жоба, жылыжай салуға 3 жоба, наубайханаға 2 жоба және басқа да жобалар жүзеге асырылуда. Аталған көрсеткіш жеткіліксіз, аудан әкімі ауылдық округ әкімдеріне елді мекендердегі әр ауланы қосымша аралап, ауыл тұрғындарын жобаға барынша тартуды, несие алу үшін құжаттарын рәсімдеуде қатысушыларға мейлінше қолдау көрсетуді және көңіл бөлуді тапсырды. Сонымен қатар, аудан әкімі ауылдық округ әкімдеріне жеке жауапкершіліктерін ескертіп, тәртіптік шаралар да қолданылатынын жеткізді.
Аудан әкімінің орынбасары Н.Көшекбаеваға және аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Жолдығаринге "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша несие алған ауыл тұрғындарын бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы жарнамалауды, сондай-ақ, олардың бейнесін әр ауылдық округтің баннерлеріне жариялауды тапсырды.
Аталған тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаевқа жүктелді.