ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ

Интернет-алаяқтық қоғамда белең алуына байланысты аудандық прокуратурамен және ПБ-нің қызметкерлерімен бірлесіп түрлі жұмыстар атқарылуда.
Соның ішінде, аудан тұрғындарына және түрлі саладағы қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, интернет алаяқтық қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналды.
Ақпараттық жүйені пайдалану, алдау, арбау арқылы ақшалы болудың ең көп таралған жері инетернет арқылы сауда-саттық жасау.
Әдетте алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған интернет хабарландырулар орналастырады немесе аккаунт пен арнайы бағдарламалар жасап алып адамдарды алдау арқылы ақшаларын көбейтуге немесе арзан бағада сауда саттық жасатуға сеніміне кіріп, ақшасыз қалдырып жатырғандар көптеп орын алуда.
Сонымен қатар, жыл басталғалы ауданымызда интернет алаяқтық бойынша 3 қылмыстық іс тіркелді.
Аталған қылмыстардың барлығы адамдардың немқұрайлығынан орын алып отыр.
Мысалы, А. есімді азаматшаға қатысты белгісіз адам несие рәсімдеп жатырған айтып, алаяқтық жолмен оның сенімін теріс пайдалану арқылы банктің мобильдік қосымшасын қондырту арқылы атына несие рәсімдеп алаяқтық жасау арқылы жымқырып, жәбірленуші А. есімді азаматшаға 2 337 000 тенге мүліктік зиян келтірген.
Уақыт талабына сай, техналогияның дамыған заманында интернет алаяқтықтың әдістері мен саны өсіп келеді. Мұндай қылмыстардың алдын алу қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Бүгінде интернет алаяқтықтардың көбісі микрокредиттік ұймдардың сайттары арқылы, мобильдік ойын казинолары арқылы, онлайын кредиттер рәсімдеу және екінші деңгейлі банк қызметкері ретінде таныстырып сеніміне кіру арқылы біреулердің есепшотына бұзып кірмек болғанын айтып «AnyDesk» және банк қосымшаларын жүктеп алу жөнінде ескертіп банк қосымшасына кіріп, қаражатты алаяқтық жолымен өзінің басқаруымен шоттағы қаражатты жымқырып кететіндігі көптеп орын алуда.
Өкінішке орай, қарапайым халық алаяқтардың арбауына түскеннен кейін алаяқты телефон арқылы табу мүмкіншілігі өте төмен.
Себебі алаяқтар ауыстырмалы нөмерлермен қоңырау шалып, алдап кететінін бәріне бірдей түсіндіру қиындық тудырады.
Егерде сізге белгісіз біреулер хабарласып, қандайда бір банктің атынан банк карточкасы жайлы ақпарат немесе басқада жеке мәлемет сұраса, ең алдымен сол банктің сенім (Cаll Centre) нөмерлеріне хабарласып, ақпараттың рас өтірігін анықтап алған артық етпейді.