Бүгін,8.12, аудан әкімі С.Аманбаев орынбасары Ж.Қойшыбаевтың қатысуымен "Энергосистема" ЖШС-нің Ақтөбе облысы Темір учаскесінің басшысы Б.Бақаевты және "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Ақтөбе облысы өндірістік филиалы Темір учаскесінің басшысы Т. Молдашевты қабылдады.
Қабылдау барысында аталмыш екі мекеменің басшылары өздеріне тапсырылған бөлімшелердегі жағдай туралы хабардар етті.
Аудан әкімі 6.12. Жақсымай ауылдық округінде электр қуатының үзілгенін, қыстың енді ғана басталып жатқанын, қазірдің өзінде электр қуатымен қамтамасыз етуде қиындықтар бар екенін айтты.Осыған байланысты аудан әкімі өздерінің жеке жауапкершіліктері туралы "Энергосистема" ЖШС-нің Ақтөбе облысы Темір учаскесінің басшысы Б. Бақаевқа және "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Ақтөбе облысы өндірістік филиалы Темір учаскесінің басшысы Т. Молдашевқа ескертті.
Сонымен қатар, аудан әкімі соңғы кездері тұрғындардан тұрғын үйлер мен мекемелерде газ қысымының төмендігі туралы шағымдану фактілері жиілеп кеткенін айтып, аталмыш мәселеге қатысты Т.Молдашевқа газ саласының жұмысына аса жауапкершілікпен қарауды ескертті.
Баяндама аяқталғаннан кейін аудан әкімі Б. Бақаевқа және Т. Молдашевқа:
• өз бөлімшелерінің жұмысын күнделікті және ерекше бақылауға алуды;
• қысқы жылыту маусымын табысты өткізу үшін қосымша және шұғыл шаралар қабылдауды;
• төтенше жағдайлар туындаған кезде бір сағат ішінде аудан әкімдігінің басшылығына хабарлауды;
• диспетчерлік қызметтер мен жедел топтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді;
• тұрғындармен кері байланыс орнатуды;
• аудандық бөлімшенің қызметінде белгілі бір мәселелер туындаса, жасырмай, олардың облыстық басшылығына объективті түрде хабарлауды;
• әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын (құзыреттері бойынша) жүргізуді;
• жабдықтың қауіпсіз жұмыс істеуін және оның қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
• өз бөлімшелерінің жүйелі жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.
Аталған тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаевқа жүктелді