09.09, аудан әкімі С. Аманбаев Алматы қаласынан Темір аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне жаттықтырушы болып ауысқан А. Бакеевті қабылдады.
Жерлесіміз Бакеев Амандық Тыныштықұлы- еркін күрестен Қазақстанның үш дүркін чемпионы.
Қабылдау барысында аудан әкімі жаттықтырушыға балалар арасынан аудан намысын халықаралық деңгейде қорғайтын сайыпқыран чемпиондарды дайындауды тапсырды.
Қабылдау соңында аудан әкімі А.Бакеевке жұмысына сәттілік тілеп, әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Сонымен қатар, аудан басшысы Темір аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Р.Кенжеғалиевке Кеңқияқ және Саркөл елді мекендерінде спортты дамыту бағытында жұмыстарды жандандыру жөнінде нақты шараларды жүзеге асыруды жүктеді.