ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

6.09, аудан әкімі С. Аманбаев аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М. Балмағамбетовпен, кент әкімі Қ. Нұралымен және "Азамат Құрылыс" ЖШС мердігер мекеме өкілімен бірлесе орталық саябақтағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.Қыркүйек айында тапсырылады деп жоспарланған саябақтың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Тексеру соңында аудан әкімі мердігер мекеменің өкіліне нысанды пайдалануға беруді мерзімінде аяқтап, атқарылған жұмыстардың сапасына баса назар аударуды, сондай-ақ нысандағы жұмысшылар санын арттыруды тапсырды. Сонымен қатар, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М. Балмағамбетовке жұмыс барысын күнделікті қадағалауды жүктеді.