Бүгін, 26.08, аудан әкімі С. Аманбаев Конституция күніне орай мерекелік іс-шараға қатысты.
Ел Тәуелсіздігінің кепілі, келешек кемелі - Қазақстан Республикасының Ата Заңы 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды.
Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Мерекелік іс-шарада аудандық сот төрағасы А.Назарқұлованың қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясымен берілген кепілдіктер, басты заң аясында республика сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар, сот төрағасы мерейлі мерекемен құттықтап, ауданның дамуы жолында жасап жатқан еңбектеріне табыс тіледі.
Айтулы күнде аудан әкімі С.Аманбаев тәуелсіз елдің өткені мен бүгінін көрсететін елдің басты саяси құқықтық құжаты Конституция күнімен құттықтап,конституциялық заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде ерекше орны мен маңызы бар еңбегі ерен құқық қорғау саласынының үздік қызметкерлерін марапаттады.
Мерекелік шара аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.