2021 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық қызметтің қорытындылары enpf.kz сайтында орналастырылған

2021 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық қызметтің қорытындылары enpf.kz сайтында орналастырылған

Қор сайтының «Көрсеткіштер» бөлімінде:

 

            ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы

Сенімгерлік басқарушылар бөлінісінде инвестициялық қызметке шолу

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне қысқаша шолу

 

Сайттың аталған парақшаларында сіз зейнетақы активтері қандай қаржы құралдарына инвестицияланғанын, олардың номиналды және ағымдағы құнын және басқарушының портфеліндегі үлесін біле аласыз.

 

Инвестициялық қызметке шолу бөлімінде қаржы құралдары мен валюталар тұрғысынан инвестициялық портфель құрылымының кеңейтілген талдауы ұсынылған. Мұнда сіз қаржы құралдарының әр түрі бойынша зейнетақы активтерінің табыстылығын көре аласыз, есепті айда қандай қаржы құралдары сатып алынған және сатылғандығын біле аласыз, басқарушының инвестициялық декларациясының параметрлеріне сәйкестігін тексере аласыз.

 

Инвестициялық портфеліне қысқаша шолу ҚРҰБ мен ИПБ инвестициялық қызметінің нәтижелері бойынша ақпаратты қамтиды. Мұнда зейнетақы активтерін басқарушылардың инвестициялық қызметінің нәтижелерін салыстыруға болады. Ақпарат көруге ыңғайлы диаграммалар мен кестелер түрінде берілген.

 

Ақпарат ай сайын жаңартылады.

 

Сізге инвестициялық қызметтің нәтижелері қызықты ма?