ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАҚЫЛАУДА

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАҚЫЛАУДА

Аудан әкімі С.Аманбаев әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелер бойынша ауданда орналасқан 20 ірі мұнай және сервистік компаниялардың басшыларымен кеңес өткізді.

Негізгі мәселелердің бірі аудан тұрғындарының жұмыспен қамтылу жағдайы, оның ішінде квота бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттағы (жастар, мүгедектер, сотталушылар және т.б.) болды. Әкім жұмыспен қамту орталығының басшысы Ə.Көшербаевқа жұмыс берушілердің 3 күн ішінде бос жұмыс орындары туралы ақпарат беруін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, аудан әкімі жұмысқа орналасу квотасы мәселелерін бақылауда болуын айтып, жұмыс берушілерге жұмысшылардың еңбек заңнамасындағы талаптары ескерілмеген жағдайда заңды жауапкершілікке тартылатындығын ескертті.

Сонымен қатар, ауысымдық елді мекендерде, оның ішінде еңбек ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуалдың қалыпты болуы, жалақының уақытылы төленуі, жұмысшылардың еңбек жағдайлары мен күнделікті өмірі, еңбекті қорғау сынды мәселелер көтерілді.

Сонымен бірге, аудан әкімі, бұрын қол қойылған меморандум талаптарының сақталуын, сондай-ақ, жұмысшыларды вакцинациялау мәселелеріне ерекше тоқталды.

Кездесу соңында тиісті басшыларға жеке хаттамалық нұсқаулар мен ұсыныстар беріп, салаға жауапты орынбасары Ж.Қойшыбаевқа тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуді жүктеді.