ҚР мемлекеттік рәміздер туралы

ҚР мемлекеттік рәміздер туралы

Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысының бірінші тоқсаны бойынша қорытындысы тыңдалды. Комиссия отырысына комиссия мүшелерімен, мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Төрағалық етуші аудан әкімінің орынбасары Қойшыбаев Жандаурен Баймағамбетұлы. «ҚР мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заңының орындалуын басшылыққа алу және Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен пайдалану мақсатында аудандық емхана және ауылдық округтерге жүргізілген мониторинг жұмыстары туралы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Шүйіншалин баяндады. Жиналыс барысында Ж.Баймағамбетұлы барлық мекемелердің Мемлекеттік рәміздерін ретке келтіруін тапсырып, құқық бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертті.