Бүгін аудан әкімі Саламат Ермұханұлы аудандық полиция бөлімінде болып, жұмыс барысымен танысты.
Аудан басшысы полиция бөлімінің негізгі қызметін бақылаумен қатар, ондағы қызметтік автокөліктердің жай-күйімен танысып, қызметкерлермен жеке кездесіп, өзекті мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Жергілікті полиция қызметінің жанынан ашылған «Учаскелік полиция пунктінің» ғимаратында болып, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, полиция қызметкерлерінің халыққа мейлінше жақын болуы мен учаскелік инспекторлардың тұрғындармен ашық диалог құра білу қажеттілігіне тоқталды.
Бұған қоса, аудан әкімі Шұбарқұдық кентіндегі көлік қозғалысына бақылауды күшейтіп, бейнебақылау камераларының санын арттыруды тапсырды.