Қазіргі таңда аудан бойынша азаматтардың әскери міндеттерін орындаудан жалтару деректері көп кездесетіні жасырын емес.
Аталған бағыттағы жұмыстарды одан әрі күшейту мақсатында, өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Н.Көшекбаева 22 ақпан күні аудандық қорғаныс істері бөлімінде болып, жұмыс барысымен танысты.
⠀
Сондай-ақ, бүгін, аудан әкімдігінде осы салаға жауапты басшылардың қатысуымен мәжіліс өтіп, көктемгі әскери қызметке шақыру науқаны қарсаңындағы жұмыстарды пысықтады.
⠀
Нұрлыгүл Бердіханқызы отырыс барысында жауапты мамандарға аудандағы әскери қызметке жарамды жастағы азаматтардың арасында үгіт-насихат жұмыстарын одан әрі жандандыруды тапсырып, өткен жылы жіберілген олқылықтарды жоюды міндеттеді.