ТЕМІР АУДАНЫНДА ПНЕВМОНИЯ ДЕРТІМЕН АУЫРҒАН СОҢҒЫ НАУҚАС ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

ТЕМІР АУДАНЫНДА ПНЕВМОНИЯ ДЕРТІМЕН АУЫРҒАН СОҢҒЫ НАУҚАС ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

ТЕМІР АУДАНЫНДА ПНЕВМОНИЯ ДЕРТІМЕН АУЫРҒАН СОҢҒЫ НАУҚАС ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ.

Бүгін аудандағы пневмония дертіне шалдыққан соңғы науқас емін толықтай қабылдап, жазылып шықты.
Бүкіл әлемді шарпыған пандемия кезінде дертке шалдығып, емделіп шыққан соңғы тұрғын 6-14 қыркүйек күндері Кеңқияқ селолық ауруханасында ем қабылдады.
Қазіргі шақта аудан көлемінде қатерлі індетті жұқтырудың алдын алу және сақтық шаралары бәсеңдетілген жоқ.
⠀
Құрметті жерлестер!
⠀
Бүгінгі сәтте ауданда вирус жұқтырған тұрғындар тіркелмегенімен, ауру денемізден толықтай жойылып кетті деп еркінсуге болмайды.
⠀
Осы орайда, баршаңызды өз қауіпсіздіктеріңіз үшін көпшілік шоғырланатын орындарға бармауға, той-жиындар мен мерекелік, еске алу шараларын ұйымдастырмауға шақырамыз.
Өз өміріңіз - өз қолыңызда!