ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
Аудан көлемінде шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасалуда. Бүгінгі таңда2439 (115 заңды тұлға, 632 шаруа қожалығы, 1682 жеке кәсіпкер) кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның 2355 немесе 96,5 % белсенді жұмыс жасауда. Былтырғы жылмен салыстырғанда өсуқарқыны
108,4 %, оның ішінде белсенділердің өсуі 106,8 %-ды құрап отыр.
2021 жылы кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға мемлекет тарапынан 982,4 млн теңге көлемінде 100-ге жуық кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несиелер беріліп, қолдау шаралары алынды.
Соның ішінде:
- «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 63 жобаға 230,8 млн.теңге (субсидиялау, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік грант);
- «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 1 жоба 50 млн.теңге;
- «Еңбек» бағдарламасы бойынша 57 жоба 327,7 млн теңге;
- «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 5 жоба 207,6 млн. теңге;
- «Іскер» бағдарламасы бойынша 12 жоба 113,4 млн. теңге;
несиелендірілді.
Көрсетілген мемлекеттік қолдау нәтижесінде жалпы сомасы 262,0 млн. теңге құрайтын 4 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, 57 жаңа жұмыс орындары ашылды (супермаркет, сауда нысандарыт.б.).
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында59 сауда орындарымен 10 % үстеме бағадан асырмау жөнінде меморандумдарға қол қойылды.
Сонымен қатар есепті мерзімде 33 ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 41,55 млн. теңге көлемінде арзан бағамен ауылшаруашылық өнімдері ұсынылды. Бөлшек сауда көлемі 5 572,0 млн.теңге өсіммен 100,4 % құрады. Көтерме сауда көлемі 2 419,2 млн.теңге құрады. Өсіммен 206,8 % құрады.
Аудан тұрғындарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға бағытталған Кешенді жоспар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп, 2904 азамат жұмыспен қамтылды. Соның ішінде 85 азамат қысқа мерзімді оқыту курстарына, 178 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 157 түлек жастар тәжірибесіне жолданды. «Жасыл ел» бағдарламасына 250 жас, ақылы қоғамдық жұмыстарға 590 азамат тартылды.
Тұрақты негіздегі жұмыс орындарына 1744 адам орналастырылды.
Жаңа бизнес идеяларды іске асыру және кәсіпкерлікті дамыту үшін 77 азаматқа 44,9 млн теңге көлемінде (әрқайсысына 555 мың теңгеден) қайтарымсыз гранттар берілді. «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқуға 76 азамат жолданды.
Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 57азамат 327,7 млн. теңге көлемінде шағын несиеалды (жоспар300,0 млн теңге).
Аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында 2021 жылы 245 отбасындағы 1258 адамға 58 млн 289,3 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Аудан орталығында І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар мен ерекше жағдайды қажет ететін балаларға «Инватакси» қызметі жұмысын бастады.
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау (Защита прав предпр)- бағыты бойынша кәсіпкерлерден арыз түспеді.
Ауданымыздағы бизнес орындарына барып санитарлық нормаларға сәйкестігін қарауда және кемшілік болған жағдайда ескерту жасау жұмыстары жүргізуде.
Әкімшілік кедергілерді томендету бағыты (Адм. Барьер) бойынша кәсіпкерлерден арыз түскен жоқ.
Субсидияның қол жетімділігі және тиімділігі (Доступ-ть и эфект-ть субсидий). Ауыл шаруашылық субъектері барлық мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысып, ауылшаруашылық саласына 253 млн 48 мын тенге инвестиция тартты. Бүгінгі таңға128шаруашылық 883 млн 976 мың 262 тенге көлемінде әр бағыт бойынша субсидия алуда.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 254,4 млн. теңгені құрап, өткен жыл мен салыстырғанда 100,2% құрады.
Ауыл шаруашылығы техникалар паркін жаңарту бойынша ауданға 17 трактор, 57 мал азығын дайындайтын техникаларын сатып алу жоспары берілген болатын. Жыл соңына дейін 23 дана трактор сатып алынып тапсырма 135,2%-ға орындалды. 61 дана мал азығын дайындайтын техникаларын сатып алынып, тапсырма 107,0 %-ғаорындалды.
2021 жылы іске асырылған инвестициялық жобалар:
1) 2020 жылы құрылыс жұмыстары басталған Ақсай округінен «Қуаныш» ШҚ сүт өңдеу цехын (жоба құны 100 млн.теңге) толыққанды аяқталып шет елден 154 бас «Симменталь» тұқымды қашарлар сатып алынды.
2) 2020 жылы құрылыс жұмыстарын бастаған Шұбарқұдық ауылынан 100 бас ірі қара малын бордақылау алаңын салып және Шұбарқұдық ауылдық округінен өзі ашқан «Аман» ет павильонында өнімдерін сатуда.
3) «Ақбөпе» ШҚ – 72 млн. теңгеге «Шаролэ» асыл тұқымды 100 бас ірі қара сатып алды.
5) Темір қаласынан «Алмат» ШҚ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 20 млн. теңгеге жылқы сатып алды.
6) «Мақсат» ШҚ «Агро бизнес» бағдарламасы бойынша несие алып – 33 млн. теңгеге жылқы сатып алды.
Кәсіпкерлік негіздеріне бағытталған «Бастау» оқыту бағдарламасы арқылы 76 азамат оқытылып, олардың ішінен 19 көпбалалы, 12 аз қамтылған отбасылар және 4 мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен 25 жұмыссыз жастар қатарынан және толық 17 азамат жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 77адам 44,9 млн.теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болды.
А.ж «Бастау» оқыту бағдарламасы арқылы бір неше жоба іске асырылуда, олар 23 отелье, 1 автоателье, 11 кондитерлік, 4 полуфабрикат, 1 азық түлік дүкені, 3 фаст фуд, 1 оқу орталығы, 4 бау-бақша жылыжай, 2 аяқ киім шеберханасы, 13 мал шаруашылығы, 3 құс шаруашылығы, 1 брусчатка, 1 полифасад, 2шаштараз/сұлулық салоны, 1 СТО, 3 темір дәнекелеу, 2 жиһаз жасау, 1 құрылыс және жөндеу қызметін жүргізу.
«Бизнестің жолкартасы - 2025»(ДКБ) бағдарламасы аясында 20 жоба қолға алынып, 2жоба іске асырылды ол мемлекеттік грант алғандар; Тақта тастар шығаратын цех және тері өнімдерін өндіру цехы.
Жер ресурстарына қол жетімдігі (Доступность к земельным ресурсам)
Аудан аумағында жерлерді ұтымды пайдалану мақсатында жүйелі жұмыс атқарылуда. Есепті жылы өз ерікдерімен жер пайдаланушыдан 34272 га қайтарылды. Жерлерді айналымға тарту мақсатында 3 конкурс және 2 аукцион комиссиясы өтті.
55 жер пайдаланушыға 222 629 га берілді,оның ішінде 46 жер пайдаланушыға конкурс арқылы.
Кәсіпкерлерден түсіп жатқан үсынысы бойынша ол конкурс арқылы жер мәселесі.
Конкурс(аукцион) Жер кодексінің Заныңа және ережесінің талабы бойынша өтуде.