Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы ауданның жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтердің 63 түрін көрсетеді.
Аудандық жергілікті атқарушы органдармен қазан айында барлығы 878 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 660 қызмет электронды түрде көрсетіліп 80,4% - ды құрап отыр.
Электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында әрбір ауылдық округте "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары" ұйымдастырылып, әдістемелік көмек көрсету үшін арнайы жауапты маман бекітілді.
Ауданда мемлекеттік қызметтерді аудан әкімінің аппараты, 7 аудандық бөлім және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары – 1 және 10 ауылдық округ әкімдіктері көрсетеді.
2021 жылдың 10 айында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері орын алған жоқ.
2021 жылдың 10 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар туралы мәліметтер түскен жоқ.
Ауданда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар анықталып, бекітілді, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары және ауданда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы халықты хабардар ету жөніндегі аудандық Медиа-жоспар әзірленді және бекітілді.
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаевтың төрағалығымен Аудандағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі туралы кеңес өтті. Аталған жиынға ауданға қарасты барлық мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты бөлім басшылары мен округ мамандары қатысты.
ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігі Төрағасымен 2021 жылғы 10 қыркүйекте бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспары» негізінде, жоспарға сәйкес, Темір ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2 рет тікелей эфир ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге аудандық мемлекеттік органдардың ("Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" "Темір ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" "Темір аудандық экономика және қаржы бөлімі" "Темір аудандық білім бөлімі" "Темір аудандық жер қатынастары бөлімі ", "Темір аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" "Темір ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі" "Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі") мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандары мен Темір ауданы әкімі аппаратының бас маманы М.Шманов қатысты.
Тікелей эфирде бөлім мамандары 2021 жылдың 9 айнының қорытындысы бойынша баяндама оқыды. Эфирге барлығы 165 адам қатысты. Тұрғындардан көрсетілетін қызметтер бойынша 24 сұрақ қойылып, мамандар тарапынан толыққанды жауаптар берілді. Тікелей эфирге сілтеме:
https://www.instagram.com/tv/CUpJPPcIRsK/?utm_medium=copy_link
https://www.instagram.com/tv/CVNNci6oE0e/?utm_medium=copy_link
2021 жылдың қазан айында жалпы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандық «Темір» газетіне 1 мақала жарияланды.
Temir_akparat әлеуметтік желісіне төмендегідей ақпараттар жарияланды: