Меню

Страницы

Статья

2021-2023 жылдарға арналған Темір қаласы бюджетін бекіту туралы

 

2021-2023 жылдарға арналған

Темір қаласы  бюджетін

бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021-2023 жылдарға арналған Темір қаласы бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мына көлемде бекітілсін:

1) кірістер –    62 825 мың теңге, оның ішінде:                           

салықтық түсімдер – 5 380 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 1 252  мың теңге;

         трансферттер түсімдері  –  56 193  мың теңге,оның ішінде:

          субвенция  – 51 693 мың теңге.

2) шығындар –   62 825 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру –   0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу  -   0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:

5) бюджет тапшылығы          (профициті)-  0  мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)        - 0  мың теңге;

  1. Темір қаласы бюджетінің кірісіне  мыналар есептелетін болып  ескерілсін:

салықтық түсімдер:

табыс  салығы,оның  ішінде жеке табыс салығы;

меншікке салынатын салықтар,оның ішінде:

мүлікке салынатын салықтар;

жер салығы;

көлік құралдарына салынатын салық;

салықтық емес түсімдер:

мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер, оның ішінде:

         мемлекет меншігіндегі  мүлікті жалға  беруден түсетін кірістер.

басқа да салықтық емес түсімдер.

  1. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес белгіленгені мәлімет   басшылыққа  алынсын:

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • жалақының ең төмен мөлшері – 42500 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш -   2 917 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 34 302 теңге.

  1. Темір аудандық мәслихатының 2020 жылғы  24 желтоқсандағы № ___ «2021 - 2023 жылдарға   арналған Темір аудандық бюджетінен бекіту туралы» шешіміне сәйкес Темір қаласы  бюджетіне  берілген  субвенция көлемі  2021 жылға 51 693  мың теңге сомасында көзделген.
  2. 2021 жылға арналған Темір қаласы бюджетте аудандық  бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсімдері 4 500 мың теңге ескерілсін:

Ағымдағы  нысаналы трансферттердің аталған сомаларын бөлу Темір қаласы әкімінің  шешімі  негізінде  айқындалады.

  1.  «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;        

2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Темір аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Темір аудандық мәслихатының сессия төрағасы

 

А. Нуржанов

Темір аудандық мәслихатының хатшысы

 

Б. Избасов

 

 

Дата публикации
22 января 2021
Дата обновления
22 января 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
29 қараша мәслихаттар депутаттарының сайлауы
БАҚ үшін
14 октября 2026
Темір аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға арналған комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы