Меню

Страницы

Статья

2021–2023 жылдарға арналған Алтықарасу ауылдық округ бюджетін бекіту туралы

2021–2023 жылдарға арналған Алтықарасу

ауылдық округ бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9–1 бабына және, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021-2023 жылдарға арналған Алтықарасу ауылдық округі бюджеті тиісінші 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 31 304 мың теңге:                           

салықтық түсімдер 2 040 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер 140  мың теңге;

         трансферттер түсімдері  29 124  мың теңге:

 субвенциялар 20124 мың теңге;

2) шығындар 31 304 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 0  теңге:

бюджеттік кредиттер 0  теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу  0 теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0  теңге;

5) бюджет тапшылығы          (профициті)  0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)        0 теңге.

  1. Алтықарасу ауылдық округ бюджеттің  кірісіне мыналар есептелетін болып  ескерілсін:

         салықтық түсімдер:

         жеке табыс салығы;     

         мүлікке салынатын салықтар;                                                                                                

жер салығы;

көлік құралдарына салық;

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

мемлекеттік меншігіндегі  мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;

коммуналдық меншіктен түсетін кірістер;

мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай–ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;

басқа да салықтық емес түсімдер.

  1. Мәліметке және басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап белгіленді:
  • жалақының ең төмен мөлшері 42500 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай– ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш    2 917 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 34 302 теңге.

  1. Темір аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №550 «2021–2023 жылдарға арналған Темір аудандық бюджетін бекіту туралы»  шешіміне  сәйкес Алтықарасу ауылдық бюджетіне  берілген  субвенциялар  көлемі  2021 жылға 20 124 мың теңге сомасында көзделген.
  2. 2021 жылға арналған Алтықарасу ауылдық округ бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттер түсімдері 9 000 мың теңге сомасында ескерілсін.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің  аталған сомаларын бөлу Алтықарасу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде  айқындалады.

  1. «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Темір аудандық мәслихатының сессия төрағасы

 

Ж. Кожагулов

Темір аудандық мәслихатының хатшысы

 

Б. Избасов

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 08.01.2021

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 7948 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Темирского районного маслихата - Председатель сессии Темирского районного маслихата Жексен Максутович Кожагулов, 06.01.2021 12:04:57, положительный результат проверки ЭЦП

Темирского районного маслихата - Секретарь маслихата Боран Онгарович Избасов, 06.01.2021 12:06:01, положительный результат проверки ЭЦП

Темирского районного маслихата - Председатель сессии Темирского районного маслихата Жексен Максутович Кожагулов, 06.01.2021 12:06:59, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент юстиции Актюбинской области - Руководитель департамента юстиции Актюбинской области Бекбулат Жуматаевич Колумбаев, 06.01.2021 17:20:21, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации
22 января 2021
Дата обновления
22 января 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
29 қараша мәслихаттар депутаттарының сайлауы
БАҚ үшін
14 октября 2026
Темір аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға арналған комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы