Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде қазір елімізде жағдай тұрақталып келеді, облыстарда да жағдай тұрақты.
Ауданымызда да індетке қарсы барлық сақтық шаралары алынған.
Дегенмен, дертке атүсті қарап, сақтық шараларын ұмытуға болмайды.
Кузгі уақыт- барлық вирус инфекциясы белсенді болатын кезең. Көпжылдық тәжірибе көрсеткендей, күз, қыс айларында жедел респираторлық вирусты инфекциялық аурулар, тұмау өршиді. Ал қауіпті індет ауамен жұғатын болғандықтан, сақтық шараларын ұстану қажет.
Қараша айында біздің ауданмен көршілес Ресей Федерациясы, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті.
Осы жағдайды ескере отырып, аудан тұрғындарын мамандар айтқан ережелердің талаптарын сақтауға шақырамын
Бұл өте маңызды.
Бетперде тағу мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау - басты санитарлық талап. Екі және одан көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде бетперде міндетті түрде тағылуы, әлеуметтік қашықтық (2 метрден кем емес) сақталуы тиіс.
Тұрғындар барынша өзін оқшау ұстауға: аралас-құраластықты азайтуға, аса қажеттілік болмаса үйден шықпауға, өзге адамдармен байланысты шектеуге ұмтылғаны абзал.
Тәртіпке бағынып, қонақтардың жиналуына байланысты (еске алу, туған күндері, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқалар) кез келген іс-шараларды өткізуге тиым салынатындығын ескертемін.
Қоғамдық көлікте, дүкендер мен жұмыс орындарында сақтық шараларын барынша ұстаныңыздар! Жақындарыңызға жанашыр болыңыздар!
Аудан әкімі Ж.Батырхан