Меню

Страницы

Статья

Қайыңды ауылдық округінің шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

ЖОБА

 

Шектеу іс-шараларын алу және Қайыңды ауылдық округі әкімінің

2019 жылғы 7 маусымдағы № 2 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы»

шешімінің күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 19 қарашадағы № 2-15-07/404 ұсынысы негізінде Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қайыңды ауылдық округі Бабатай ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
  2. Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 2 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6244 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. «Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қайыңды ауылдық округінің әкімі                                          Р.Рашев

Дата публикации
23 ноября 2020
Дата обновления
23 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
29 қараша мәслихаттар депутаттарының сайлауы
БАҚ үшін
14 октября 2026
Темір аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға арналған комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы