Меню

Страницы

Статья

Табиғи ресурстар

Табиғи ресурстар – адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері.
Темір ауданы кен орындарына бай. Пайдалы қазбалардан мұнай, газ, қоңыр көмір және құрылысқа жарамды материалдар-гранит, құм, құмқұйыршық саздар және басқа да тұщы минералдық техниқалық жер асты сулары алынады. Ауданымыздың мұнай кені, Қопа мұнай кені, Көкжиде мұнай-газ кені, Жақсымай мұнай-газ кені, Шұбарқұдық мұнай-газ кені, Құмсай мұнайкені, Ашысай мұнай-кені (ильменет, рутил, ликоксин, циркон т.б. кездеседі) және Ақжар құм мансапы.
   
     Өзендер: Ойыл, Бабатай, Темір, Құмды Боқтықарын, Құмсай, Ашысай, Бадамша, Шығырлы, Шилі, Кенжалы, Қандыағаш, Шілікті, Теректісай, Таскемер, Қарабас, Ашыойыл, Толғанай, Келбатыр. Көлдер: Саркөл, Ашыкөл, Ақкөл, Тұз, Күйгенкөл, Мамайкөл. Ауданымыз өзен мен көлге бай. Жер үсті, көбінесе өзен және жер асты суларынан құралады. Өзендер жүйесі және көл тоғандары су ойратын Мұғалжар таулары маңайының негізгі меридионалдық су бөліктерінің орналасуына, сонымен қатар құрғақ ауа райына тәйелді. Өзендердің кейбіреуі Мұғалжар тауының етегінен бастап оңтүстік-батысқа қарай Ойыл, Жем өзендеріне барып құяды. Балықтары: Мөңке, аққайраң, шортан, қаракөз, алабұға, ақмарқа, көксерке, табан, құты, қызылқанат, сазан, жайын.
     Өсімдік, Жануарлары: Түр-тұқымына қарағанда ауданда өсімдік өте - мөте әртүрлі. Су өсімдік түрі аз. Сальвиния, Тұңғиық т.б. бар. Бұл су өсімдіктерінің 52%, яғни ең көне өсімдіктер. Шалғынды, кейбір батпақты жерлерде бидайық, қамыс, қоға, қияқ сияқты азықтық шөптер көбірек. Олардың топтасуынан өнімділігі әркелкі шабындық қалыптасады. Шөп бітіктігі негізінен екі түрмен сипатталады, далалықта - дақылдық, қуаң далада жусанды өсімдіктер. Кейбір сортаң жерлерде кәдімгі бетеге, ақ және қара жусан, жонышқа, алабұта, ешекмия өседі. Ойыл өзенінің су айырық жерлерінде қайың шоғырлары бұлақ сулармен коректенетін батпақты жерлерде азықтық шөптер басым. Ауданымызда негізінен жапырақты орман қорын қорғау және өсіру шаруашылығы қолға алынған.
Географиялық орналасуы мен ландышафты климат жағдайының әртүрлігі себепті ауданда аң - құстар түрі де сан - алуан. Осылардың кейбіреуі азайып кетуіне байланысты ҚР "Қызыл кітабына" енгізген. Ауданымыз аң мен құсқа бай. Жануарлар жер - жерде, бөкен, түлкі, қоян, борсық, қасқыр, күзен т.б. кездеседі. Бұлардың саны тұрақты, кәсіптік және әуесқойлық аңшылыққа рұқсат берілген. Құстың түрлері көптеп кездеседі. Құстардың көбісі ұя салады, ал кейбіреулері қайту, келу маусымдарында кездеседі. Олардың кейбіреулерін аулауға рұқсат етілген. Өңірдегі құс түрлерінің көпшілігі тұрақты және кеңінен таралған. Олардың ішінде ұя салатындар: қаз, үйрек, қасқалдақ, құр, дала бүркіті, шағала, жапалақ.
Дата публикации
20 ноября 2020
Дата обновления
20 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
29 қараша мәслихаттар депутаттарының сайлауы
БАҚ үшін
14 октября 2026
Темір аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға арналған комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы