Меню

Страницы

Статья

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы

 Бекітілді: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен.

Бағдарламаның мақсаты: Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту, сондай-ақ көпбалалы аналарды үйде айналысуды қоса алғанда, микро және шағын бизнеске тарту.

Бағдарламаға қатысушылар:

  • жұмыссыздар, жұмыспен қамту орталықтарында тіркелгеніне қарамастан,
  • өзін-өзі жұмыспен қамтыған және нәтижесіз жұмыспен қамтылған;
  • жаңадан бастаушы кәсіпкерлер;

4) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер;

5) «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері,

6) шаруа және фермер қожалықтары, оның ішінде зәкірлік кооперацияға қатысушылар.

Несие сомасы: 8 мың АЕК-ке дейін Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларда , 6,5 мың АЕК-ке дейін басқа қалаларда.

Несие мөлшерлемесі: жылдық 6% -дан аспайды.

Несиелендірудің максимал мерзімі: 1) Инвестицияға – 5(бес) жылға дейін;
2) Айналым қаражатын толықтыру үшін – 3 (үш) жылға дейін.

Міндетті шарты: Қатысушыларға міндетті түрде «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарынан өту немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіпкерліктің негізін оқығаны немесе сертификат алған күннен бастап қарыз / микронесие алуға өтініш берген күннің алдындағы 24 ай ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқу курстарынан өткені туралы сертификат болған жағдайда несие беріледі.

Микронесиелер Бағдарламаның келесі қатысушыларына берілмейді:

  • Құрылтайшысы ұлттық басқару холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұйымдар болып есептелетін, акцияларының (жарғы капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайыздары тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқару холдингіне, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі (қоғамдық-кәсіпкерлік корпорацияны, сонымен қатар мемлекеттік-жеке серіктестік туралы келісім-шарт аясында құрылтайшы болған кәсіпкерлерді қоспағанда), сонымен қатар меншік түрі жеке мекеме ретінде рәсімделген кәсіпкерлер;
  • Қарыздары бар: 1. мемлекеттік дамыту институттарымен, тұрақтандыру немесе дағдарысқа қарсы қағдарламалар және ҚР Ұлттық қоры, жергілікті атқарушы органдар және микронесиелендіру ұйымдары қаржылары арқылы іске асырылған бағдарламалар аясында ЕДБ; 2. 2015 жылдың 31 наурызында ҚР Үкіметі №168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің Жол Картасы 2020" қолдаудың және дамытудың Бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетіліп жатқандарға.
  • "2. Терминдер және анықтамалар" тарауы және "4. бағдарлама қатысушыларының жобаларын қаржыландырудың шарттары" тарауы шарттары мен ережелеріне сәйкес келмейтіндерге;
  • Салықтық қарыздары барларға. Міндетті зейнетақылық салымдары, міндетті кәсіби зейнетақылық салымдары және бюджетке қоғамдық аударымдары бойынша қарыздары барларға. (аталған анықтаманың болмауы Бағдарлама қатысушысының қаржыландыруға өтініш беру күніне 30 (отыз) күнтізбелік күннен кеш емес уақытта берілгенімен мақұлданады);
  • Ойын бизнесін ұйымдастыруды және (немесе) дамытуды көздейтін жобаларды іске асыру;
  • ҚР заңнамасында тыйым салынған террористтік және кез келген өзге қызмет түрімен байланысты қызметтерді қарастыратын жобаларды жүзеге асырушыларға;
  • Ойын бизнесімен байланысты жобаларды жүзеге асырушыларға;
  • Моторлық көліктік құралдарды шығаруды қарастыратын жобаларды қоспағанда, подакциздік тауарларды немесе өнімдерді шығару немесе көтерме саудасын жүзеге асыруды іске асырушыларға;
  • Қиыршықтас және құм карьерін өңдеуге арналған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау кен қазу өнеркәсібінде іске асырушыларға.

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері бола отырып;

Дата публикации
17 ноября 2020
Дата обновления
17 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
29 қараша мәслихаттар депутаттарының сайлауы
БАҚ үшін
14 октября 2026
Темір аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға арналған комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы