"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме: "Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығы
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар: Орталық және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері
Бағдарламаның мақсаты:Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындар
Міндеттері: 1. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру. 2.Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнім көлемін ұлғайту.3.Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру.4. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.5. Кәсіпкерлердің құзыреттерін арттыру.
6. Іскерлік байланыстарды кеңейту.
Іске асыру мерзімдері: 2020 – 2024 жылдар
Нысаналы индикаторлары:Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2025 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:
1. ЖІӨ-дегі ШОК үлесін кемінде 33,8 %-ке жеткізу.
2. Бағдарламаға қатысушылардан түсетін салықтық түсімдерді 2017 жылғы деңгейден 2 есеге ұлғайту.
3. Бағдарламаға қатысушылардың жаңа 30 мың жұмыс орнын құруы.
4. ЖІӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 13,4 %-ке жеткізу.
5. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесін кемінде 13,7 %-к
Қаржыландыру көздері мен көлемдері:Бағдарламаны іске асыруға 2020 – 2024 жылдары 457 435 631 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты жұмсалатын болады:
1) республикалық бюджеттен берілетін қаражат:
2020 – 87 590 689 мың теңге;
2021 – 50 319 755 мың теңге;
2022 – 47 394 521 мың теңге;
2023 – 41 016 973 мың теңге;
2024 – 33 613 693 мың теңге;
2) жергілікті бюджеттен берілетін қаражат:
2020 – 39 500 000 мың теңге;
2021 – 39 500 000 мың теңге;
2022 – 39 500 000 мың теңге;
2023 – 39 500 000 мың теңге;