Бүгін 17 қазан күні Темір ауданы,Шұбарқұдық кентінің Орталық базарында ауыл шарушылығы жәрмеңкесі өтті. Алыстан ат терлетіп келген шаруалардың өнімі әп-сәтте сатылып кетті. Арзан тауар алған тұрғындар да дән риза. Бизнесін енді бастаған жас кәсіпкерлер де өнімін жәрмеңкеде жарнамалады.
Шаруалар үшін сауда павильондарының тегін берілуі де жақсы мүмкіндік болды.
Жәрмеңкеде сиыр еті, қой еті, көкөніс пен сүт өнімі көпшілікке ұсынылды.
Сиыр етінің бағасы базардағы бағадан төмен сатылды. Сиыр етінің бағасы -1750 тг, қой етінің бағасы -1700 тг. Жəрмеңкеге келушілер адал азығын қолжетімді бағаға ұсынған шаруаларға алғысын білдірді. Ауданымыздағы Кеңестуы ауылдық округі мен Алтықарасу ауылдық округіне қарасты шаруа қожалығының ең үздік, сұранысқа ие, сапалы өнімі ғана сөреге жайғасты.
Ел несібесін молайтқан жәрмеңке сенбі сайын ұйымдастырылатын болды.