Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік көрсетілетін қызметке шағымдану тәртібі

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» бірыңғай ақпарат орталығының 1414, 8-800-080-7777 (қонырау соғу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе қызмет беруші тарапынан дөрекілікке жол берілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің әкіміне немесе egov.kz порталы арқылы жолданады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым арызда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаның атына жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, байланыс телфондары (егер бар болса) шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағымда әрекеттері немесе әрекетсіздігіне шағымданып отырған лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, арыздану себептері мен талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға шағымның қабылданғанын растайтын шағымның қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде" көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Дата публикации
28 февраля 2025
Дата обновления
28 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
29 қараша мәслихаттар депутаттарының сайлауы
БАҚ үшін
14 октября 2026
Темір аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға арналған комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы