2022 жылдың 20 қарашасына белгіленген ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру жөніндегі оқу-семинар тренинг
Ағымдағы жылдың қазан айының 27-күні оқу-семинар тренинг ұйыдастырылды. Оқу-семинар тренингке Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі С.Күнтілеуова, Темір аудандық аумақтың сайлау комиссиясының төрағасы Д.Қалмагамбетова, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері А.Нұржан, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төраға, хатшылары қатысты.
Оқу-семинар тренинг мақсаты: 2022 жылдың 20 қарашасына белгіленген ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды пысықтау.
-Күн тәртібі бойынша алғы сөзді С. Күнтілеуова алып, сайлаудың жүргізу тәртібін, құқық, міндеттерін айтып өтті.
-Аға инженер А.Нұржан төтенше жағдай, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар мен талаптарды түсіндіріп, өрт сөндіру құралдары мен қауіпсіздігімен таныстырды.
Сондай –ақ, Ә.Қалмағанбетов «Учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында практикалық жұмыстар жүргізу барысында пікір айтылып, тәжірибие алмасып, туындаған сұрақтарға нақты жауаптар айтылып, С.Күнтілеуова семинарды қорытындылады.