Темір ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Темір ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулының №2 қосымшасына сәйкес, Темір ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  3. «Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Темір ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
06 апреля 2026