Темір ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабының 2-тармағына сәйкес, Темір  ауданының  әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Темір ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулының №2 қосымшасына сәйкес, Темір ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп  танылсын.
  3. «Темір аудандық тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылығы,  жолаушылар көлігі  және  автомобиль  жолдары  бөлімі» мемлекеттік  мекемесі заңнамада  көрсетілген  тәртіппен:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Темір ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
06 апреля 2026