Темір ауданы әкімінің аппаратының, аудандық бөлімдерінің және қалалар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346)22760, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Темір аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4 (1 бірлік), ТРОЭИБП-8.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 226 837 теңгеден 260 564 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Жергілікті бюджеттің орындалуы туралы бухгалтерлік есеп-қисап пен есептілік жүргізу және жүзеге асыру, ай сайын, тоқсан сайын қаржылық есептер дайындау және бақылау, жергілікті бюджеттің қаржысының мақсатты түрде жұмсалуын қадағалау. Е-Минфин сайтына ай сайын бюджеттік, қаржылық есептерді орналастыру. Қаржы басқармасының айлық, тоқсандық, жылдық есептіліктерін тапсыру Аудан көлемінде бюджеттік мекемелердің қаржылық есептіліктерін халықаралық стандартқа сай (МСФООС) жартыжылдық, жылдық шоғырландырылған теңгерімін (баланс) жасап және тоқсан сайын су, жылу, газ және т.б коммуналдық алажақ, бережақ есептерін жинақтау, бюджеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тиісті салалар бойынша ақпараттар жинақтау, барлық бюджеттік жіктемелер бойынша кредиторлық және дебиторлық есептерді жасап Е-Минфин сайты арқылы есеп беру. Уәкілетті органдар әкімшілендіретін түсімдердің артық (қате) төленген соммаларын есептеуге және қайтаруға қорытындыларды жасақтап, уақытылы тіркеуді жүргізу. ММ-дің өтініштері бойынша қолма-қол бақылау шоттарын ашу бойынша тиісті нысандарды толтыру ММ-дің негізгі қорлары мен мүліктерінің жылдық түгендеулерінің есебін бақылауға алу. Аудан бойынша ММ-дің және МК-дің мемлекеттік сатып алу есебін уақытында енгізуін, біріңғай есеп беру системасына /ECCO/ уақытылы есептерін енгізуді бақылау, уақытылы мемлекеттік мүліктерге түгендеу жүргізулерін тапсыру. Әкімшілік, мемлкеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда «Е-қызмет» (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асыру жұмыстарын және құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру.
Ауданның және 4 деңгейлі бюджеттің кіріс бөлігі бойынша есептерін қалыптастырып, облыстық қаржы басқармасына мерзімінде тапсыру. Блок «А».