9 ақпан 2026 жыл
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2026 жылғы 8 ақпанда өткен Темір ауданының Темір қаласының әкімін сайлау қорытындылары туралы Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасының негізінде
Темір қаласы бойынша:
Акимов Мухтар Сактапович, 1967 жылы дүниеге келген, «Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ -нің инженер-механигі, Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Темір қаласының әкімі болып тіркелді.