2026 жылғы 8 ақпанда Темір ауданының Темір қаласы әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Темір қаласы әкімі сайлауының нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды:
Темір қаласының әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1465 азамат енгізілді, олардың 1072 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 5, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Акимов М.С - 662, Жұмагерей. Ә.А – 174, Сатаев Е.М – 229.
Акимов Мухтар Сактапович, 1967 жылы дүниеге келген, «Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ-нің инженер механигі, Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Темір қаласының әкімі болып сайланды.