Темір аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4 (1 бірлік), ТРОЭИБП-11

  Темір ауданы әкімінің аппаратының, аудандық бөлімдерінің және қалалар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының  мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы  хабарландыру

 «Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8,  анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346)22760, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Темір аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4 (1 бірлік), ТРОЭИБП-11.

            Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  226 837  теңгеден 260 564  теңгеге дейін.

           Функционалдық міндеттері: ҚР заңнамасына сәйкес ауданның мемлекеттік коммуналдық мүлкін пайдалану, коммуналдық мүлік мемлекеттік мекемелер  арасында алым-берім бұйрықтарын жасақтау және оның орындалуын, заңдылығын қадағалау. Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша коммуналдық меншікке қатысты жұмыстарды іске асырады. Аудан аумағындағы иесіз деп танылған обьектілерді анықтап, заңның талаптарына сәйкес сотқа талап арыз беру.Соттың шешімдерін уақытылы орындау. Коммуналдық меншікке айналдырылған  (тускен ) мүліктерді: Қазақстан Республикасының заңнамасмында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған: мемлекеттік мұрагерлік құқық бойынша өткен, сондай-ақ қайтыс болған адамнан мұрагерлікке өтеусіз өткен, тәркіленген мүлікті, сот актілерінің негізінде мемлекет  кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану дөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Соттардың, Мемлекеттік кірістер органдарының, Ішкі істер органдарының тексеріс барысында тәркіленген заттар бойынша шығарылған қаулыларын орындау. Соттың шешімдерін сот орындаушыларға мерзімінде жолдау, жұмыстарын ұйымдастыру. Жұмыстарды және қызметті мемлекеттік сатып алу мониторинг есебін жүргізіп, белгіленген  уақытында хабарлап отыру. Қазақстандық мазмұны бар мемлекеттік сатып алу есебін және 1-ГЗ Қазақстандық мазмұны бар мемлекеттік сатып алу есебін және 1-ГЗ мемлекеттік сатып алу есебін алу мемлекеттік мекемелердің веб-порталға енгізуін қадағалау. Мемлекеттік мекемелердің ғимаратткарындағы бөлімдердің жалға берілгенін анықтап, оларға жалға беру келісім – шарыттарын жасақтап, төлемін уақытылы түсуін қадағалау. Коммуналдық меншік жұмыстарының есебін алуға жәрдем беру.

Мекемелер бойынша негізгі қорлардың түгендеу есебін жүргізіп  дайындау, бос иесіз обьектілерді анықтап, реестрге енгізу, аукциондар өткізуді ұйымдастыру, аудан бойынша барлық мемлекеттік мекемесінің бір-бірімен алым-берім актісімен берілген коммуналдық мүлікті уақытында шығарып, баланысқа алынғанына бақылау жүргізу, сатып алған негізгі қорларына бұйрықтар жасақтау. Бөлімге орындалуға жіберілген Қаржы басқармасының және басқа да мекемелерден келген тапсырмаларды уақытында орындау. Бөлім бастығының функционалдық міндеттерінен басқа бір жолғы тапсырмаларын тиянақты уақытында орындау. Аудан бойынша мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алу есебін уақытында енгізуін, біріңғай есеп беру системасындап /ЕССО/ уақытылы есептерін енгізуді бақылау, уақытылы мемлекеттік мүліктерге түгендеу жүргізулерін   тапсыру. Блок «А».

Темір аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4 (1 бірлік), ТРОЭИБП-11
Дата публикации
21 января 2026