Темір ауданы әкімінің аппаратының, аудандық бөлімдерінің және қалалар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346)22760, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты E-G-3 (1 бірлік), ФСП-5.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 226 837 теңгеден 260 564 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Салық салу обьектілерін (жеке және заңды тұлғалардың, шаруа қожалықтарының, кәсіпкерлердің мүлік, көлік, жер) есепке алу және тіркеу. Салысқ салу обьектілерін (жеке және заңды тұлғалардың, шаруа қожалықтарының, кәсіпкерлердің мүлік, көлік, жер) салықтарын уақытылы төлеуін қамтамасыз ету, жергілікті салықтарды толық жинау барысында аудандық салық басқармасымен бірлесе отырып жұмыс жүргізу, салықтардың толық төлеуіне қаржылық бақылау жасау. «Салық Кодексін» және төртінші деңгейлі бюджеттін кірістерін басшылыққа алып салық салу базасын кеңейту мақсатында іс-шаралар жүргізу. Қазақстан Республика Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес, жасалған құқық бұзушылық туралы әкімшілік өндіріс материалдарын жасақтап іс-құжаттарын жүргізіп есебін тапсыру.
Е-өтініш, ОДО, Е-қызмет, ЕССО, Парус, Е-минфин, программаларында жұмыс жасай білу, интернет желісін пайдалана білу мемлекеттік және ресми тілдерді жоғары деңгейде меңгеру. Ауылдық округі әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау. Блок «В».