Темір ауданының Темір қаласының әкімін сайлауы жөнінде сайлау округін құру туралы қаулы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының  6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. Темір қаласының әкімін сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:

 

  • Темір қаласы – Темір қаласы сайлау округінің аумағының шекарасында.

 

  1. Сайлау округі мен олардың шекаралары, учаскелік және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Темір» газетінде жариялансын.
Темір ауданының Темір қаласының әкімін сайлауы жөнінде сайлау округін құру туралы қаулы
Дата публикации
31 декабря 2025