«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 – бабының 2 тармағына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Темір қаласының әкімін сайлауы 2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалсын.
- Темір ауданы Темір қаласының әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2026 жылғы 1 қаңтардан басталып, 2026 жылғы 13 қаңтар жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
- Темір ауданы Темір қаласының әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 18 қаңтар жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
- Осы қаулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Темір» газетінде жариялансын.