Темір аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі, санаты Е-R-3 (1 бірлік), Р-3

  Темір ауданы әкімінің аппаратының, аудандық бөлімдерінің және қалалар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының  мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы  хабарландыру                         

 «Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8,  анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346)22760, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

            Темір аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі, санаты Е-R-3 (1 бірлік),  Р-3.

            Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  263 131  теңгеден 302 255  теңгеге дейін.

           Функционалдық міндеттері: Аудан бюджетінің орындалуы туралы жылдық есептер, маңызды бағдарламалардың орындалуы туралы есептер әзірлеу, тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет жобасын, тиісті өкілетті органдардың қатынасуымен аудандық бюджеттің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткіштерін әзірлеу, тоқсан сайын аудандық бюджетті жоспарлау, нақтылау, аудандық бюджеттің түсімін болжамдау олардың орындалуын бақылау, салық салу базасын кеңейту мақсатында жасалатын іс-шаралар жоспарын қадағалау және оның орындалуын қамтамасыз ету. Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, тиісті Заң аясында әлеуметтік қорғалуын, еңбек тәртібін мүлтіксіз орындалуын қадағалау. Экономика, бюджет туралы айлық, тоқсандық, жарты жылдық есептердің жасалуын, олардың тиісті органдарға берілуін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының іске асырылуын басшылық жасау. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдыар, кенттер, ауылдық округтердің ІV-ші деңгейлі бюджетке еңгізілуіне байланысты жұмыстарын қадағалау. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың штаттық кестелеріне талдау жүргізу. Ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына мониторинг жүргізу. Қала, ауылдық округтерінің қызметін рейтингтік бағалау. Ауданның әлеуметтік - экономикалық даму жоспарын әзірлеу оның асуына ықпал ету. «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі» бағдарламасының іске асырылуын орындау, бақылау, жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Аудан орталықтарын және тірек ауылдық елді мекендерді дамытуға арналған Кешенді жоспарларын әзірлеу, оларға талдау жасау және орындау. Мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасы, күрделі жөндеу жұмыстары туралы мәліметтер жинақтау және орындау, жергілікті деңгейде әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері және Үкімет бағдарламасы мен оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы барысы туралы ақпараттық – талдау материалдарын дайындау. Айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептердің орындалуын қадағалап, жүргізу. Блок «А».

Темір аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі, санаты Е-R-3 (1 бірлік), Р-3
Дата публикации
03 декабря 2025