Темір ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 182 «Темір ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5036 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелінсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.