Темір аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 266 «2025–2027 жылдарға арналған Темір аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:           

  1. Темір аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 266 «2025–2027 жылдарға арналған Темір аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

 «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 85-бабының 2-тармағына, 91-бабының 3-тармағына, 94, 96-баптарына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1.2025-2027 жылдарға арналған Темір аудандық бюджеті осы шешімгедегі 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 9 870 804,2  мың теңге, оның ішінде:           

салықтық түсімдер – 5 331 693 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 24 342  мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9155 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 4 505 614,2 мың теңге;

2) шығындар – 11 259 127,1  мың теңге;

3)  таза бюджеттік кредит беру – 73 890 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 196 600 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 122 710 мың теңге;

          4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы         (профициті) – -1 462 212,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)      –               1 462 212,9 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 825 257 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 122 738,3 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 759 694,2 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімдегі 1–қосымша осы шешімдегі қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шешім
Дата публикации
11 ноября 2025