«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346)22760, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы, санаты E-G-2 (1 бірлік), РОИДСП-1, (уақытша, негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезеңіне 04.11.2025 ж. дейін).
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 263 131 теңгеден 302 255 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімінің өкімдерін шығарып, есебін жүргізу, бақылау жүргізу. Іс-құжаттар номенклатурасын жасақтап, бекітуге ұсыну. «Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің» мемлекеттік мекемесі қызметшілерінің іс-құжаттарын аудандық персоналды басқару қызметі жүргізу. Мемлекеттік қызмет персоналы бөлімімен бірлесе орындалуына бойынша автоматтандырылған дерекқорда «Е-қызмет» (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыру. Мекемеде жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары бойынша құжаттамаларды жүргізу, мекемедегі бос жұмыс орындарды толықтыру мақсатында аудандық жұмыспен қамту және аудандық персоналды басқару қызметі бөлімдерімен жұмыс жүргізу. Мекеме қызметшілерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес қызметін уақытылы және талапқа сай орындалуын қадағалау. Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту бөлімімен және өзге де мәдени ошақтармен бірлесе отырып округтегі іс-шараларды ұйымдастырып қадағалау. Ауылдық округі әкімінің шешімдерін шығару және орындалуына бақылау жүргізу. Жер мәселелеріне байланысты мекемеде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету жұмыстарын жүргізіп есептерін тапсыру. Е-өтініш, ОДО, Е-қызмет, Е-лицензирование, Enbek.kz программаларында жұмыс жасай білу, интернет желісін пайдалана білу мемлекеттік және ресми тілдерді жоғары деңгейде меңгеру. Ауылдық округі әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау. Блок «В».