Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы, санаты E-R-1 (1 бірлік), Р-1.

Темір ауданы әкімінің аппаратының, аудандық бөлімдерінің және қалалар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының  мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы  хабарландыру                                                                                                                                 

 «Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

            Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы, санаты E-R-1 (1 бірлік), Р-1.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  354 069  теңгеден 406 714  теңгеге дейін.

           Функционалдық міндеттері:  Бөлімнің қызметіне басшылық жасау. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салуда, реконструкциялауда, жөндеуде және күтіп ұстауда техникалық реттеуді және стандарттауды, жұмыстар мен материалдардың сапасына жол активтерінің сапасы жөніндегі ұлттық орталықтың сараптамасын ұйымдастыру.  Аудандағы мемлекеттік коммуналдық меншікке қатысты мемлекеттік саясатты өткізуге және жетілдіруге қатысу, жол саласындағы бірыңғай нормативтік және техникалық мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және дамытуға қатысу, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша бақылауды және жұмысты ұйымдастыру, жалпы пайдаланылымдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы, салу, жөндеу, ұстау және көгалдандыру, ауданның тұрғын үй- коммуналдық саласы, отын-энергетикалық комплекс, ақпарат және байланыс, коммуникация, теміржол, әуе және автомобиль көліктері, құрылыс, үй, архитектура және аймақтық құрылыс, коммуналдық меншік, тұрмыстық қамту бағдарламасын дамытуды өткізуге бақылау жасау, ауданның мемлекеттік коммуналдық меншік мәселесі бойынша мемлекеттік мүддені көрсету және оның мүліктік құқық қорғау; қажеттілікке сәйкес бөлім бастығының міндетін атқару бөлімнің бас маманы кадрлық мәселелерді шешу мен тәртіптік шара қолданудан басқа өкілеттілік жүктеу, Қазақстан Республикасындағы «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңдарына сәйкес аудан бойынша мұқтаждық танытқан азаматтардың жекешеленбеген пәтерлерін жекешелендіру және т.б. бөлім туралы ережемен жүктелген міндеттер. /Блок А/.

Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы, санаты E-R-1 (1 бірлік), Р-1.
Дата публикации
08 августа 2025