Аудандық жергілікті атқарушы органдармен 2025 жылдың II -тоқсанында барлығы 537 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 518 қызмет электронды түрде көрсетіліп 96% - ды құрап отыр.
Темір ауданы бойынша 2025 жылдың II -тоқсанында қағаз түрінде «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – мамыр айында – 3, маусым айында - 5 қызметтен бас тарту (күн көріс деңгейінен асып кету, тұғылықты мекен жайы дұрыс болмауы т.б.), орын алды.
«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – сәуір айында – 2, мамыр айында – 3, маусым айында - 2 қызметтен бас тарту орын алды.
Электронды түрде аудандық экономика және қаржы бөлімімен «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы беру» қызметін көрсету кезінде мамандықтардың жергілікті атқарушы органның бекітілген тізімімен сәйкес келмеуіне байланысты сәуір айында – 1, мамыр айында – 2 бас тарту, маусым айында – 1 бас тарту және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде мамандықтардың жергілікті атқарушы органның бекітілген тізімімен сәйкес келмеуіне және соңғы 1 жыл ішінде 90 күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар болуына байланысты маусым айында - 1 бас тарту орын алды.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша маусым айында – 1 бас тарту орын алды.
«Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беруді ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша мамыр айында – 4 бас тарту орын алды.
«Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша сәуір айында -3, мамыр айында – 1, маусым айында – 3 бас тарту орын алды.
«Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша сәуір айында -1, мамыр айында – 4, маусым айында – 3 бас тарту орын алды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 64-тармағына сәйкес есептік нысаны бойынша:
2025 жылдың II-тоқсанында жалпы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандық «Темір» газетіне 6 мақала жарияланды.
Біліктілік арттыру курсынан 2025 жылдың II - тоқсанының мамыр айында 4, маусым айында - 1 мемлекеттік қызметші өтті.
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік
құқықтық жұмыстарын және мемлекеттік
қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру
бөлімінің басшысы Г.Мухиева