Аудандық жергілікті атқарушы органдармен 2025 жылдың I-тоқсанында барлығы 620 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 581 қызмет электронды түрде көрсетіліп 93% - ды құрап отыр.
Темір ауданы бойынша 2025 жылдың I-тоқсанында қағаз түрінде «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – қаңтар айында – 4, ақпан айында - 3 қызметтен бас тарту (күн көріс деңгейінен асып кету, тұғылықты мекен жайы дұрыс болмауы т.б.), орын алды.
Электронды түрде аудандық экономика және қаржы бөлімімен «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы беру» қызметін көрсету кезінде мамандықтардың жергілікті атқарушы органның бекітілген тізімімен сәйкес келмеуіне байланысты қаңтар айында – 4, ақпан айында – 8 бас тарту, наурыз айында – 0 бас тарту және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде мамандықтардың жергілікті атқарушы органның бекітілген тізімімен сәйкес келмеуіне және соңғы 1 жыл ішінде 90 күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар болуына байланысты қаңтар айында – 2, ақпан айында – 4, наурыз айында - 0 бас тарту орын алды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 64-тармағына сәйкес есептік нысаны бойынша:
Аудандық қоғамдық кеңестің отрысында Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Г.Мухиева «Темір ауданы бойынша 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің қортындысы туралы» баяндамасы оқылды.
2025 жылдың I-тоқсанында жалпы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандық «Темір» газетіне 3 мақала жарияланды.
Біліктілік арттыру курсынан 2025 жылдың I-тоқсанының ақпан айында 4 мемлекеттік қызметші өтті.
Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық
қамтамасыз ету, мемлекеттік
қызметтер көрсету мәселелерін
үйлестіру және ақпараттық
технологиялар бөлімінің бас маманы Г.Мухиева