«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2025 жылғы 13 шілдеде өткен Темір ауданының Ақсай, Саркөл ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасының негізінде
Ақсай ауылдық округі бойынша:
Бегимов Еламан Нагашыбаевич, 1973 жылы дүниеге келген, «Ақсай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің әкімі, Темір ауданы Ақсай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Ақсай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Саркөл ауылдық округі бойынша:
Шуиншалин Мади Жаксылыкович, 1975 жылы дүниеге келген, «Саркөл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің әкімі, Темір ауданы Саркөл ауылының тұрғыны, «АМАNAT» партиясынан ұсынылған, Саркөл ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.