Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақсай, Саркөл ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЫ

2025 жылғы  13 шілдеде Темір  ауданының  Ақсай, Саркөл ауылдық округтері әкімдерінің  сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының Ақсай, Саркөл  ауылдық округтері әкімдері сайлауының  нәтижелері туралы хаттамалары  негізінде Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың  қорытындысын шығарды:

 

Ақсай сайлау округі

Ақсай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 638 азамат енгізілді, олардың 479 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 13, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                               

Бегимов Е.Н - 285, Есжанов Ш.С – 112, Ниетова А.Ә – 66.

 

Бегимов Еламан Нагашыбаевич, 1973 жылы дүниеге келген,  «Ақсай ауылдық округі» ММ-нің әкімі, Темір ауданы Ақсай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Ақсай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Саркөл сайлау округі

Саркөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3301 азамат енгізілді, олардың 2260 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 13, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны  - 4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                                                       

Мухиева Г.А. - 256, Сатаев Е.М – 458, Шуиншалин М.Ж. – 1529.

 

Шуиншалин Мади Жаксылыкович, 1975 жылы дүниеге келген, «Саркөл ауылдық округі» ММ-нің әкімі, Темір ауданы Саркөл ауылының тұрғыны,  «АМАNAT»  партиясынан ұсынылған, Саркөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

                                             Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақсай, Саркөл ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЫ
Дата публикации
14 июля 2025