ШЕШТІ:
1–тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2025–2027 жылдарға арналған Темір аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3–қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 8 502 225,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 5 027 628 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 57 910 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9155 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 3 407 532,9 мың теңге;
2) шығындар – 9 186 124,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 73 890 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 196 600 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 122 710 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -833 555,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 833 555,9 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 196 600 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 122 738,3 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 759 694,2 мың теңге.».