Темір ауданы әкімінің аппаратының, аудандық бөлімдерінің және қалалар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346)22760, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің орынбасары, санаты E-G-1 (1 бірлік), Р-6.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 305 232 теңгеден 350 615 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі әкімінің жұмыс жоспарын дайындап, іске асырылуын бақылау. Округтің паспортын жасақтау. Округтегі жиналыстарды ұйымдастырып, хаттамаларын жинақтап кітабын жүргізу. Округтегі діни ахуалды қадағалап, діни түсіндірме жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастырып қадағалау. Округтегі абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастырып жүргізу. Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп жұмыс жасау, іс-құжаттарын жүргізу. Мекемеге түскен арыздарымен жұмыстанып шаралар қолданып орындалуына бақылау жүргізу. Округтегі аз қамтылған, жалғызбасты отбасылар, зейнеткерлер, ардагерлер, тыл ардагерлеріне көмектер ұйымдастырып қадағалау. Е-өтініш, ОДО, Е-қызмет, Enbek.kz программаларында жұмыс жасай білу, интернет желісін пайдалана білу мемлекеттік және ресми тілдерді жоғары деңгейде меңгеру. Ауылдық округі әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау және округ әкімі еңбек демалысында немесе еңбекке жарамсыз уақытында міндеттерін атқару. Блок «А».