«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақсай және Саркөл ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөнінде мынадай сайлау округтері құрылсын:
- Ақсай сайлау округі – Ақсай сайлау округінің аумағының шекарасында.
- Саркөл ауылдық округі – Саркөл сайлау округінің аумағының шекарасында.
- Сайлау округтері мен олардың шекаралары, учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлері көрсетіле отырып, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Темір» газетінде жариялансын.