Темір қаласы әкімі аппаратының бас маманы, санаты E-G-3 (1 бірлік), ААГТ-2

Темір ауданы әкімінің аппаратының, аудандық бөлімдерінің және қалалар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының  мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы  хабарландыру                                                         

 «Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8,  анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

            Темір қаласы әкімі  аппаратының бас маманы, санаты E-G-3 (1 бірлік), ААГТ-2

     Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  195 549  теңгеден 224 624  теңгеге дейін.

           Функционалдық міндеттері: Қала әкімінің аппаратының қаржылық есеп-қисап жұмыстарын жүргізу. Инвентарлық заттардың құндылық есебін жүргізу. Қаржылық төлем құжаттарын даярлау және өңдеу. Жабдықтаушыларды есепке алу және есеп шоттарын жүргізу. Қаржылық қаражаттардың мақсатты пайдалануна бақылау жасау. Бөлінген бюджеттік қаржыны игеруге және оларды уақытында пайдалануға қатащң бақылау жасау. Жанар-жағар майды есепке алып және есептен шығару жөніндегі есептерді жүргізу. Жолдама парақтарын рәсімдеу, аппарат жұмысшыларының еңбекақы ақысын есептеу және ведомстон жүргізу. Қаржылық төлем құжаттарын даярлау және өңдеу. Іс- сапар  құжаттарын жинақтау, шығындарын есептеу. Мемориалдық ордерлер бойынша тоқсан сайын және ай сайын есептерді құру. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жабдықтаушылармен мемлекеттік сатып алулар жөніндегі келісімдерді, хаттамаларды жасау. Мемлекеттік сатып алулар бойынша тоқсан сайын және ай сайын есептерді құру. Әкімнің басқада қызметтік тапсырмаларын орындау. Блок «В».

Темір қаласы әкімі аппаратының бас маманы, санаты E-G-3 (1 бірлік), ААГТ-2
Дата публикации
08 мая 2025