Темір ауданы әкімінің аппаратының, аудандық бөлімдерінің және қалалар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 «Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8,  анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346)22760, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

            Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы, санаты E-G-2 (1 бірлік), ФСП-1.

            Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  263 131  теңгеден 302 255  теңгеге дейін.

           Функционалдық міндеттері: «Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметшілерінің еңбекақысын есептеу, аудару жұмыстарын жүргізу, мекемелермен есеп-қисап жұмыстарын жүргізу, әртүрлі салықтармен жұмыс жасап, бас есеп кітаптарын толтырып баланстық есебін тапсыру. Аудандық экономика және қаржы бөлімімен жұмыс жасау. Келісім-шарттардың орындалуын қадағалау.

            Мекеменің жылдық сатып алулар жоспарының жасақтауының және оны жүзеге асуын қадағалау. «Парус» базасымен жұмыстанып іс-құжаттарын жүргізу. Тенгерімдегі инвентарлық заттардың құндылық есебін жүргізу. ҚР         «Бюджеттік Кодексін» және 4 деңгейлі            бюджеттің түсімдерін бақылап, басшылыққа ала отырып            бюджет  қаржысының  мақсатты жұмсалуына бақылау жасау, бөлінген қаржыны уақытылы игеру.            Е-өтініш, ОДО, Е-қызмет, ЕССО, Парус,   Е-интернет желісін пайдалана білу мемлекеттік және ресми тілдерді жоғары деңгейде меңгеру. Ауылдық  округі әкімінің    басқа  да тапсырмаларын орындау. Блок «В».

Темір ауданы әкімінің аппаратының, аудандық бөлімдерінің және қалалар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
11 апреля 2025