Темір ауданы әкімінің аппаратының, аудандық бөлімдерінің және қалалар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
«Темір ауданы әкімінің бас инспекторы, санаты E-3 (1 бірлік), ААТР-17
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 263 131 теңгеден 302 255 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Азаматтық қорғауды басқарудың аумақтық кіші жүйелерінің күштері мен құралдарын құру және оларды ұдайы әзірлікте ұстап тұру; бекітілген бюджеттік мақсаттарға сәйкес азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету; азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемдерін айқындау және оларды жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстап тұру жөнінде қажетті шаралар қолдану; эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау; аудан бойынша азаматтық қорғаныс жөнінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарын ұйымдастыруды жүргізеді; төтенше жағдайлар болуы мүмкін өмірлік маңызы бар объектілердің жағдайы жөнінде уақытылы штаб бастығына және аудан әкіміне ақпарат береді және қажеттілік құжаттарды әзірлейді. Аудан аумағында әскери міндетті азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыртуды үйлестіреді және аудандық, облыстық медициналық комиссияға жетікізуді аудандық қорғаныс істері бөлімімен бірлесе ұйымдастырады. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді; әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарларын әзірлейді, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктерімен келіседі және бекітеді, сондай-ақ тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктер шегінде жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды өткізеді; жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға береді; облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктеріне жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; аумақтық қорғаныс іс- шараларының ұйымдастырылуына қатысу. / Блок «А»