«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346)22760, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы, санаты E-G-2 (1 бірлік), ФСП-1.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 263 131 теңгеден 302 255 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: «Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметшілерінің еңбекақысын есептеу, аудару жұмыстарын жүргізу, мекемелермен есеп-қисап жұмыстарын жүргізу, әртүрлі салықтармен жұмыс жасап, бас есеп кітаптарын толтырып баланстық есебін тапсыру. Аудандық экономика және қаржы бөлімімен жұмыс жасау. Келісім-шарттардың орындалуын қадағалау.
Мекеменің жылдық сатып алулар жоспарының жасақтауының және оны жүзеге асуын қадағалау. «Парус» базасымен жұмыстанып іс-құжаттарын жүргізу. Тенгерімдегі инвентарлық заттардың құндылық есебін жүргізу. ҚР «Бюджеттік Кодексін» және 4 деңгейлі бюджеттің түсімдерін бақылап, басшылыққа ала отырып бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуына бақылау жасау, бөлінген қаржыны уақытылы игеру. Е-өтініш, ОДО, Е-қызмет, ЕССО, Парус, Е-интернет желісін пайдалана білу мемлекеттік және ресми тілдерді жоғары деңгейде меңгеру. Ауылдық округі әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау. Блок «В».
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі мен мамандығы бойынша талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік бизнес, бизнес, басқару және құқық (экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) білім барларға рұқсат етіледі.
Қажетті құзыреттер бойынша талаптар: мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Құжаттар қабылдау уақыты: 07.03.2025ж.- 12.03.2025ж.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.